Өңірлер

Көкшетау тұрғыны танкіге қарсы минаны өз еркімен полицияға тапсырды

© Минобороны РКсапер
сапер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көкшетау тұрғыны сыйақы үшін полицияға екі әскери мина өткізген - біреуі танкіге қарсы, екіншісі жаяу әскерге қарсы

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Көктшетау тұрғыны қару-жарақты өз еркімен тапсыру науқаны аясында полициға "Ведьма" атты танкіге және жаяу әскерге қарсы қойлатын миналарды тапсырды деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Пистолет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар жауапқа тартылмайды

Облыс орталығы полициясына сыйақы үшін әскери жарақтарды тапсыру туралы өтінішпен жергілікті тұрғын хабарласқан.

"Тәртіп сақшыларын таңғалдырған қала тұрғыны танкіге қарсы ТМ-57 және жаяу әскерге қарсы ОЗМ-72 миналарын тапсырды. Қазіргі уақытта миналар сараптамаға жіберілген, кейінірек қала тұрғынына төленетін құны белгіленеді", — дейді полиция.

Жаңалықтар
0