Қоғам

Тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар жауапқа тартылмайды

© Sputnik / Медиабанкке өтуПистолет
Пистолет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақшалай төлемнің көлемі қару-жарақтың түріне байланысты анықталады

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Астанада 10 сәуірден бастап заңсыз сақталып жатқан оқ ататын қарулар мен соғыс жарақтарын, жарылғыш затттарды сатып алу науқаны басталды деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Солтүстік Қазақстанда көл түбінен ұрланған қару табылды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда көл түбінен ұрланған қару табылды

Мемлекет қару-жарақты өз еркімен өткізген азаматтарға қарудың түріне байланысты 10 айлық есептік көрсеткіштен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ақшалай қаражат төлейді.

"Тіркелмеген оқ ататын қаруларды, соғыс жарақтары мен жарылғыш заттарды өз еркімен өткізген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады", — деп еске салады полиция.

Қаруды сату туралы ақпаратты келесі нөмірлер арқылы білуге немесе хабарлауға болады: Астана ІІД – 716-018, 716-170, 716-366, аумақтық "Алматы" ІІБ — 716-737, "Сарыарка" — 716-646, "Есиль" — 716-561.

Толығырақ ақпарат ІІД ресми сайтында жарияланған. 

Жаңалықтар
0