АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен сүңгуірдер қатып қалған көл түбінен ұрланған қару ды тапты деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтыр маусым айында Мағжан Жұмабаев ауданы, Октябрь ауылы екі тегіс ұңғылы қару ұрланған.
"Өңірде 27-31 наурызда өткізілген "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полицейлер күдіктіні анықтады – ол Булаево қаласының 38 жастағы тұрғыны екен. Күдікті ұрланған қаруды көл түбіне жасырып қойыпты", — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Полицейлер ұрланған қаруды алып шығу үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен көмек сұраған.