АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей жерлерде жаңбыр қатты жауады. Республиканың оңтүстік жартысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел тұрып, тұман түседі деп хабарлайды ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитет сайты.
Жамбыл облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20, күндіз ұйытқуы 23-28, кейде 30 м/с асады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 25 м/с. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде желдің екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз шаңды дауыл соғады, желдің екпіні 15-20 м/с.
Қостанай, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с.