Оқиға

Бишімбаевқа қатысты сот Астанада өтеді, уақыты әзірге белгісіз

© Sputnik / Болат ШайхиновҚуандык Бишімбаев
Қуандык Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы ҚР ұлттық экономика министрі пара алды деген күдікпен 12 қаңтардан бері қамауда отыр

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Бұрынғы ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы Астанада өтеді, деп мәлім етті Sputnik Қазақстанға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев. 

Куандык Бишимбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қуандық Бишімбаевты қамау мерзімі 10 сәуірге дейін ұзартылды

Бишімбаев бірнеше рет пара алды деген күдікпен 12 қаңтардан бері қамауда отыр. Оның қамауға алыну мерзімі 10 мамырға дейін ұзартылған.

Шпекпаевтың ақпаратына сәйкес, Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу әлі де жалғасып жатыр екен.

"Оған бірнеше рет пара алып, миллиардқа (теңге — еск.) жуық бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Онда өкілеттігін теріс пайдалану да бар", — деді агенттік басшысының орынбасары.

Шпекпаев істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының жүргізіп жатқанын еске салды. Алайда істің сотқа қашын түсетінін нақтылаған жоқ.

"Әлі уақыт бар, мерзімі шыққан жоқ. Сосын танысу, ол да ұзаққа созылуы мүмкін", — деп түйді Шпекпаев. 

Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Исекешев экс-министр Бишімбаевты туған күнімен құттықтады

Бұдан бұрын ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлағандай, Бишімбаев "Бәйтерек ҰБХ" АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарған тұсында Қызылорда қаласында табақ шыны өндіру және өңдеу зауытын салу кезінде 1 миллиард теңгені ведомствоға қарайтын "Orda Glass" ЖШС және оның мердігерлік ұйымы "Шымкентхиммонтаж" ЖШС арқылы жымқырудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған екен.

Қылмыстық схемаға аталған ұйым басшылары Ибрашев Исабек және Қожабаев жұмылдырылған.

Қымқырылған ақшалай қаражат "Завод строительных металлоконструкций" ЖШС үлестес компаниясы арқылы жұмысшылардың баспанасы мен тамағын қамтамасыз ету үшін деген сипатта қолма-қол ақша етіп алынып отырған. Көрсетілген сомадан Бишімбаевтың қолына немере туысы Нұрлыбек арқылы 2 миллион АҚШ доллары түскен.

Жаңалықтар
0