Қоғам

Қуандық Бишімбаевты қамау мерзімі 10 сәуірге дейін ұзартылды

© Sputnik / Болат ШайхиновКуандык Бишимбаев
Куандык Бишимбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экс-министрге бірнеше мәрте ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр.

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Сот жемқорлықпен ұсталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамау мерзімін ұзартты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Астана қалалық сотының баспасөз қызметі. 

"Алматы ауданының №2 соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі шешімнің мерзімін 10 сәуірге дейін ұзартты", — деп хабарлады баспасөз қызметкері. 

Қуандық Бишімбаев қамауға алынды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қуандық Бишімбаев қамауға алынды

Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаев 12 қаңтардан бастап қамауға алынды. Экс-министрге бірнеше мәрте ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Тергеу тұжырымы бойынша, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингтің төрағасы болған кезде Қуандық Бишімбаев 1 миллиард теңгені жымқырудың қылмыстық жолын ұйымдастырған. 


Жаңалықтар
0