АСТАНА, 13 қаңтар — Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қамауға алынды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.
"12 қаңтарда Астананың №2 Алматы аудандық соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын шығарды", — деп хабарлады ведомстводағылар.
Бишімбаевқа аса ірі көлемде бірнеше рет пара алды деген күдік келтіріліп отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.