Қоғам

"ҚР-ның азаматтар тобы" БАҚ-тың есіне кінәсіздік презумпциясын салды

© Sputnik / Максим Масловәділ сот
әділ сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пара алды деген күдікпен ұсталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың тағдырына бей жай қарамайтын бір топ азамат БАҚ-қа кінәсіздік презумпциясын есте сақтап, күдіктінің жақындарының сезіміне құрмет білдіруді сұрады.

АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. Фигуранты бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев болып табылатын, істің тергелуіне байланысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының тобы" атынан қоғамдастыққа жасалған үндеуі Арман Қашқынбековтың Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. 

Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сәтпаев: Қазақстандағы жемқорлықпен күрес Суыр күнін еске салады

"Тергеу жүргізіліп жатқанына қарамастан, ақпарат өрісінде экс-министрдің жеке басына қатысты хабарларда айыптаушылық, теріс түсінік басым болып отыр. Бұл ретте, Конституцияға сәйкес әрбір азаматтың қорғануға құқы бар екенін және соттың шешімінсіз ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелінетінін ұмытпаған жөн", — делінген үдеу мәтінінде. 

Бұл ұстанымды мемлекет басшысы көрсетіп отырғанын, ол бұрынғы министр фигурант болған осы іс жайлы тергеудің жүріп жатқанын ғана атап өтіп, бірақ айыптаушылық немесе қорғаушылық пікір білдірмегені алаға тартылған. 

Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қуандық Бишімбаевтың мастандырар мансабы

"Тергеудің әділдігіне күмән келтірмейтінімізді айта отырып, Қуандық Бишімбаевтың "Болашақ" Қауымдастығы кеңесінің төрағасы екенін, оның бірқатар маңызды мемлекеттік бағдарламаның бастамашысы әрі әзірлеушісі болғанын, оған сеніп тапсырылған жұмыстарға ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары баға бергенін атап өткенді жөн көрдік. Бұл бүгінде кейбір  журналистер мен блогерлер орнатып жатқан теріс пікірлерге қарсы салмақ ретінде Қуандық Бишімбаевтың жеке, іскерлік және моральдық қасиеттерін көрсетіп отыр", — деп атап өтті "ҚР-ның азаматтар тобы". 

Біз бұқаралық ақпарат құралдарына, Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдарының баспасөз қызметтеріне, қоғамдық пікір көшбасшыларына  кінәсіздік презумпциясын сақтап, күдіктінің туған туыстары мен жақындарының сезімдеріне құрмет білдіруге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот шешіміне дейін жағымсыз әрі бағалаушылық пікір білдіруден алшақ болуға шақырамыз", — деп түйді үндеу авторлары.


Жаңалықтар
0