Әлем

Салмағы 500 кг болған мысырлық әйел жарты салмаған тастады

© Photo : http://www.mid-day.comИман Ахмед Абдулати
Иман Ахмед Абдулати - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үнді дәрігерлері салмағы жарты тонна болған әйелді аяғына тұрғызып, қалыпты өмірге келтіруді көздеп отыр

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Кезінде әлемдегі ең ауыр әйел деп танылған 37 жастағы мысырлық Иман Азмед Абдулати (Eman Ahmed Abdulati) үнді клиникасында емделу барысында 242 келі салмақ тастады, деп хабарлайды NDTV телеарнасы. 

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда салмағы 350 келі әйел адам көз жұмды

Осы жылғы ақпанда клиникаға түскен кезінде Иманның салмағы 490 келі болған. Ол соңғы 20 жыл бойы үйінен шыға алмаған. Соңғы кездері тіптен қозғала да алмай қалған.

Клиникада болған алғашқы 13 күн ішінде Иман қатаң сұйық диета мен физиотерапияда 100 келіге жуық салмақ тастады. Одан кейін тамақтануын азайту үшін, оның асқазанының үштен екі бөлігін алып тастаған. 

Енді медицинаға қосқан үлесі үшін Жыл адамы ден танылған, оның емдеуші дәрігері  Муффазал Лакдавала (Muffazal Lakdawala) Иманның 242 келі тастағанын хабарлады.

Бұл дәрігерлер үшін тосын сый болған. Өйткені дәрігерлер бастапқыда әйел бір жарым жыл ішінде 150 келі салмақ тастайды деп болжаған. 


Жаңалықтар
0