Өңірлер

Қостанайда салмағы 350 келі әйел адам көз жұмды

CC0 / / Аурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл шілде айында салмағы 350 келіден асып кеткен 39 жастағы Галина Воробьева шарасыз күйге түсіп, тілшілерден жәрдем сұраған еді.
АСТАНА, 23 қар — Sputnik.  Қостанай қаласының ірі салмақты тұрғыны Галина Воробьева жәрдем сұрағаннан кейін төрт айдан соң қайтыс болды деп хабарлады оның туысқаны Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Биыл шілде айында салмағы 350 келіден асып кеткен 39 жастағы Галина Воробьева шарасыз күйге түсіп, тілшілерден жәрдем сұраған еді. Әйел адам ол кезде салмағының қанша екенінен бейхабар болатын, өйткені бірде-бір таразы мұндай дене салмағын өлшеуге жарамайтын еді.
Салмағының шектен тыс артып кетуінен әйелдің денсаулығы сыр бере бастайды. Мамыр айында Галина үйден мүлдем шықпайтын болған, себебі аяғының ісіп кеткені сонша жүруге шамасы келмейтін. Әйелді ауруханаға жеткізу үшін ТЖД қызметкерлерін шақыруға тура келді.
БАҚ жарияланғаннан кейін әйел адамға әр түрлі ауруханалардан шақыртулар келіп түсті, алайда Галина қандай көмекке мұқтаж екендігін шеше алмастан дүниеден озды.
© Photo : Жеке мұрағатГалина Воробьева
Галина Воробьева - Sputnik Қазақстан
Галина Воробьева
Жаңалықтар
0