Әлем

Путин Назарбаевтың содырларды азаматтықтан айыру шешіміне қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Юрий Абрамочкин / Медиабанкке өтуРесей конституциясы
Ресей конституциясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей конституциясы экстремизм үшін азаматтықтан айыруға жол бермейді, бірақ азаматтықты алуға негіз болған шешімдерді алып тастауға мүмкіндік бар

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин "Ислам мемлекеті" террорлық тобына (Қазақстанда, Ресей Федерациясында, тағы басқа елдерде тыйым салынған) кіргені үшін азаматтықтан айыру туралы Қазақстан идеясын Ресейде қолдануға қатысты пікірін білдірді.

Содырлар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ислам мемлекеті құрамына қосылған қазақстандықтар азаматтығынан айырылады

"Сіз Ислам мемлекетінің қылмыстық әрекетіне қатысы бар Қазақстан азаматтарын азаматтықтан айыру туралы Назарбаевтың шешімі жайында айттыңыз. Ресей конституциясына сәйкес, біз ешкімді азаматтықтан айыра алмаймыз. Бірақ Ресей азаматтығын алуға негіз болған шешімдерді алып тастауға хақымыз бар. Заңгерлермен кеңесіп, жуырда сондай шешім қабылдаймыз деп ойлаймын", — деді Путин "Мир24" телеарнасына берген сұхбатында.

Бұдан бұрын Қазақстанның мемлекет басшысы "Мир" телеранасына берген сұхбатында айтқандай, Таяу шығыста 500-ге жуық қазақстандық лаңкестер сапында соғысуда. Президенттің айтуынша, арнайы қызметтер Қазақстанға оралған содырлар арасында профилактикалық жұмыс жүргізгенімен, олар деструктивті идеология ықпалынан арыла алмады. Сол себепті қазақстандық билік өкілдері қайта оралған экстремисттерді тәртіпке салу идеясынан бас тартуды көздейді. Енді мұндай адамдар азаматтығынан айырылып, отанына қайта алмайтын болады.

Жаңалықтар
0