Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаев "Туған жер" бағдарламасын қолға алуды ұсынды

© Photo : https://almaty2017.comПатриотизм
Патриотизм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек"

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Елбасы "Туған жер" бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Бұл бастамасы туралы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында жазады.

"Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен "Туған жер" бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, "Туған елге" ұласады.Мәселен, "Ауылым – әнім" атты әнді айтқанда, "Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін" деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер", — дейді Мемлекет басшысы.

Елбасы бағдарламаның неліктен "Туған жер" деп аталатынына тоқталады.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы: қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес

"Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі", — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жаңа бағдарламаның мәнін сөз етіп, бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейтінін айтты.

"Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс", — дейді Президент.

Латын әліпбиі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары басталады

Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.

Үшінші, жергілікті билік "Туған жер" бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс.

"Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек.Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жо¬ғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, "Туған жер" бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады", — деп жазады Елбасы.

Осыған қоса Президент "Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары" немесе "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасын қолға алуды ұсынды.

Жаңалықтар
0