Қоғам

Еңбек министрлігі: көпбалалы аналарды жұмыс істеуге мәжбүрлемейміз

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуОтбасы
Отбасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еңбек министрлігі тұрмысы нашар отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы төлеу тәртібі туралы айтып берді

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көпбалалы аналардың жұмыс істеуі туралы ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.

"2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілуіне байланысты, көпбалалы аналарды жұмыс істеуге мәжбүрлейтіні жайлы кейбір БАҚ бетінде және Facebook әлеуметтік желісінде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", — делінген ведомство хабарламасында.

2015 жылдың 29 қазанында Мемлекет басшысы қол қойған ҚР "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысу талабымен, әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50 пайыздан төмен отбасыға, атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай — АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған. Олар қазіргі іс жүзіндегі қағидалардың орнына ұсынылмақ: көпбалалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай — АМЖ); аз қамтылған отбасыларға арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы; аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.

Тамара Дүйсенова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дүйсенова: Зейнет жасын көтерудің алғашқы кезеңіне іліккен әйелдер ұтады

АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.

"Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына жауапкершілікпен қатысады", — деп атап өтілген баспасөз хабарламасында.

Тұлғаларға тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады.

Тамара Дуйсенова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ОҚО-ның 2 мың тұрғыны солтүстік және орталық өңірлерге қоныс аударады

2014 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістері Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында сынақтан өтіп, әлеуметтік келісімшартқа отырған азаматтарға шартты қаржылай көмек көрсетуді қарастыратын "Өрлеу" пилоттық жобасы енгізілді. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен пилоттық жоба қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады. 2015 жылы "Өрлеу" жобасына 20,2 мың адам қатысты.

2016 жылы "Өрлеу" жобасына 38,8 мың адам қатысты. Жобаны жүзеге асырудың арқасында оған қатысушылардың жан басына шаққандағы кірісі 2 еседен астамға өсіп, еңбекке жарамды тұрғындардың 90,5%-ы жұмыспен қамту шараларына тартылды. Сонымен қатар, пилоттық аймақтардағы атаулы әлеуметтік көмекті алушылар қатары 24,7%-ға қысқарды.

Жобаны әрі қарай, яғни 2017 жылы жүзеге асыру мақсатында, республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге қарастырылған. Биыл "Өрлеу" пилоттық жобасына елдің барлық ауданы мен қаласынан 150 мыңға жуық аз қамтылған азаматты тарту жоспарлануда.

Жаңалықтар
0