АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Алматы облысында мас күйінде жаяу жүргіншіні басып кеткен көлік жүргізушісіне қатысты қылмсытық іс басталды деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Қылмыстық іске күдікті болып отырған Scania жүк көлігінің 48 жастағы жүргізушісі. Жол апаты сәуірдің 8-інен 9-ына қараған түні Қарасай ауданы Елтай ауылына жақын маңда орналасқан ЖШС-терінің бірінің жабық аумағында болған.
"Медициналық тексеру актісіне сәйкес, жүк көлік жүргізушісі орташа деңгейде мас болған. Көлік атсында қалған 1969 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, күдікті жүргізуші аудандық полицияда түсініктеме беріп жатыр", — дейді ІІД.