АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Әйел адам жүргізген Mitsubishi Delica көлігі жол апаты салдарынан аударылып түсті деп хабарлады құқық қорғау органдарындағы дереккөз Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Жол апаты әуежай шеңберінен 500 метр төмен жерде Құлжа трактында болған. Куәгерлер мен ГАЗель жүргізушісінің сөзіне сүйенсек, Mitsubishi Delica және ГАЗель көліктері Құлжа тракты бойымен солтүстік бағытта келе жатады, сол кезде Delica жүргізушісі жолай кезіккен жолаушыны алып кетейін деп, шұғыл тоқтап, оң жаққа ығыса бастайды.
ГАЗель жүргізушісі тоқтап үлгермей, сол жақ айнасымен шетел көлігін соғып кеткен. Соққының салдарынан минивэн шыр көбелек айналып, бір қырына аударылып түседі. Жол салдарынан Delica көлігінің жүргізушісі, әйел адам зардап шегіп ауруханаға жатқызылды.