АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Алматыда көше қиылысында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан біреуі аударылып түсті, жүргізуші зардап шекті деп хабарлайды куәгерлер Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Жол апаты жұма күні кешкісін Тургут Озал және Шәкәрім көшелерінің қиылысында болған.
Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Lexus автокөлігі бір бағытта жүретін Тургут Озал көшесі бойымен оңтүстікке қарай келе жатады. Toyota Yaris жүргізушісі Шәкәрім көшесімен келе жатып, "Жол беріңіз" деген белгіні ескермей, көше қиылысына бір-ақ шығады. Сол кезде оған Lexus көлігі бар жылдамдықпен келіп соғылған. Қатты соққыдан Toyota көлігі аударылып түсіпті.
Жол апатынан аударылып түскен көліктің жүргізушісі зардап шекті. Тергеу жүргізіліп жатыр.