АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Қазақстан Астанада мамыр айында өткізуге жоспарланған Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздерге дайындалып жатыр деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
"Әлбетте", — деп жауап берді ол мамырға жоспарланған келіссөздерге дайындалып жатырсыздар ма деген сұраққа.
"Сириялық дағдарысты бейбіт түрде шешуге мүдделі, Астаналық процесті қолдайтын, сондай-ақ, бәрінен бұрын, БҰҰ басшылығымен жүргізіліп жатқан Женева процесін қолдайтын тараптарды шақырамыз", — деді Әбдірахманов дүйсенбі күні үкімет отырысының алдында.
Министр "бұған қатысты барлық тараптардың қолда бар бүкіл күшпен осы процестерді қолдайтындығына" үміт артатынын айтты.