Әлем

АҚШ мемхатшысы Астанадағы сириялық келіссөздер маңыздылығын атап өтті

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуАҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның пікірінше, Астана мен Женевада өтіп жатқан келіссөздер соғысты тоқтатуға мүмкіндік береді

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Сириядағы жағдай бойынша өткізіліп жатқан барлық келіссөздерді маңызды деп атады. Оның ішінде қақтығыстың барлық тараптары қатысқан Астанадағы келіссөздер де бар, деп хабарлайды РИА Новости.

Оның атап өтуінше, келіссөздер қақтығыстарды реттеу бойынша саяси процесті іске қосуға мүмкіндік береді.

"Ол үшін одақтастарының қолдауымен режимнің қатысуы талап етілетіні айқын. Біз Ресейдің Астанадағы келіссөздер арқылы, сондай-ақ Женева арқылы атысты тоқтатуды қолдап, сындарлы рөлін атқару туралы шешім қабылдайтынына үміттенеміз", — деп мәлім етті Тиллерсон CBS басылымына берген сұхбатында.

БҰҰ-ның қолдауымен өтіп жатқан келіссөздердің бесінші раунды Женевада 31 наурызда аяқталды. Бұдан бұрын бірінен бірі тәуелсіз екі дереккөзі РИА Новостиге Женевада өтетін жаңа раунд мамырдың ортасына жоспарланды деп хабарлаған. Астанада өтетін кезекті раунд 3-4 мамырда өтеді.

Жаңалықтар
0