АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Алматы облысының инсулинге тәуелді тұрғындары қажетті дәрі-дәрмек тапшылығын сезініп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда диспансерлік есепте тұрған қант диабетіне шалдыққан азаматтарға инсулин тегін беріледі. Бірақ инсулинге тәуелділер адамдарға ауадай қажет дәрі-дәрмек өңірдің ауруханалық қоймаларында жоқ деуге болады.
Белгілі болғандай, қиын жағдай Еңбекші ауданында қалыптасты. Онда инсулиннің тапшылығын ірі ауыл — Шелек пен оның маңында орналасқан елді мекеyдердің зейнеткер-диабеттері сезініп отыр.
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасында бұл ақпаратты растады. Олар мұны жылдың басы мен тендерлік жеткізумен байланыстырып отыр.
"Жылда көктемде, дерлік, біздің өңірде "диабеттерге" берілетін инсулин тапшылығы сезіледі. Мұндай жағдай тек Алматы облысында ғана емес, жалпы республика бойынша қалыптасқан. Бұл ең алдымен, тендерлік жеткізулердің басталуымен байланысты. Бұл дәрі-дәрмектер мемлекет бөлетін қаржылық қаражат есебінен сатып алынады", — деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Күлғайша Иманбекова.
Оның сөзіне қарағанда, таяуда жағдай реттелетін секілді.