Қоғам

"СК-Фармация" компаниясына 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Алексей Панов / Медиабанкке өтуДәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын Елбасы мемлекеттік қаражатқа дәрі-дәрмек сатып алуда монополия орнатқан компания мәселесін бір жақты етуді тапсырған болатын

АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. "СК-Фармация" ЖШС-не кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және дәрі-дәрмектерді сатып алудағы үстемдігін асыра пайдаланған деген айып тағылды деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы "СК-Фармация" компаниясының қызметкерлерін жұмыстан қууды талап етті

Астана соттарының заңды күшіне енген шешімдері анықтағандай, "СК-Фармация" 2010-2015 жылдар аралығында дәрілік заттарды бірыңғай лотпен тасымалдау және сақтау бойынша қызмет көрсетулерді сатып алған, бұл нарықтағы басқа субъектілердің осы қызметтерді атқаруға мүмкіншілігін шектеген. Сонымен қатар, лоттар жеңімпазы "СТОФАРМ" ЖШС-не қосымша міндеттіліктерді еш негізсіз жүктеген. 

"Бұл әрекеттер тауарларды сақтау және тасымалдау нарығындағы бәсекелестікті шектеп қана қоймай, қызметтер бағасының артуына да себеп болуы мүмкін", — деп хабарлайды комитет.

Әкімшілік айыппұлдың сомасы 1,3 миллиард теңгені құрайды.

Жаңалықтар
0