АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Бас прокуратурада "Көшбасшылық, шешендік өнер және өзін-өзі дамыту бойынша белгілі ресейлік маман Радислав Гандапас "Қазіргі замандағы ұйымның көшбасшысы" тақырыбында тренинг өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Бұл іс-шаранының өзектілігі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және адам капиталының сапасын жақсарту негізінде еліміздің одан әрі жемісті дамуына бағытталған маңызды тармағының мақсаттарымен тұтастай сәйкес келеді", — делінген хабарламада.
Қатысушылардың пікірі бойынша тренинг өте пайдалы және тиімді болды. Прокурорлар өздерін дамытуға және кәсіби қызметтерінде әрқайсысы үшін қажет кеңестер мен ұсыныстарды көзбе-көз тыңдауға қайталанбас мүмкіндік алды.
Өткізілген тренинг прокуратураның сапалы түрде жаңаруы, талантты әрі прогрессивті ойлайтын қызметкерлерді және тиімді басшыларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға көмектесетін болады.