АСТАНА, 13 жел – Sputnik. "Екілік прокурорлар" Қазақстан жүйесіне қымбатқа түседі, деп мәлім етті ҚР бас прокуроры Жақып Асанов.
"Біз барлық қызметкерлерді "екілік" пен "озаттарға" бөлетін боламыз. "Екіліктерден" біз арылуға тиіспіз, олардың жүйеде болуы бізге тым қымбатқа түседі", — деді Асанов Бас прокуратураның алқалы отырысында.
Оның атап өтуінше, бір-екі күн бұрын үш прокурорға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"Біз қазір бұл бөлімшені (өзіндік қауіпсіздік – ред.) күшейтетін боламыз. Бөлімше құрылымында істерді тергеумен айналысатын арнайы прокурорлар болады. Өкінішке орай, ішкі қауіпсіздік басқармасында бес мың қызметкерге бар болғаны бес адам ғана жұмыс істейді екен. Ол жерде олар 40 және 50 болуы керек шығар. Мемлекет пен жүйе бұдан тек жеңетін болады", — деп атап өтті АСанов.