Қоғам

Жемқорлыққа қарсы күресу қажет: қоғамдық кеңестер неге үнсіз

© SputnikПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алик Ішпекбаевтың айтуынша, қоғамдық кеңестер жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін мүлдем қарастырмайды деуге болады

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Елімізде қоғамдық кеңестердің отырысы жиі өткізіліп отырғанымен, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері мүлдем қаралмайды деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Ішпекбаев.

Пара - Sputnik Қазақстан
Саясат
ҰҚК сыбайлас жемқорлық істерін тергеумен айналысатын болады

"Қоғамдық кеңестер жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін мүлдем қарастырмайды. Негізінде біз азаматтық қоғамның белсенділігіне иек артамыз", — деді Ішпекбаев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық кеңестердің рөлі туралы жиналыс кезінде.

Алайда, оның сөзіне сүйенсек, қоғамдық институттар құжаттар мен жобаларды, нормативтік-құқықтық актілерді сараптау арқылы мемлекеттік органдарға тәуелсіз аналитикалық көмек көрсетуге, азаматтық бастаманы дамытуға белсене араласуы керек.

"Біз жүргізген сараптама көрсеткендей, былтыр қоғамдық кеңестер қарастырған 300 мәселенің ішінде небәрі бес отырыс жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған, мемлекеттік қызмет көрсетулерге — 9, этиканың сақталуы мүлдем қарастырылмаған. Яғни, бұл отырыстардың жалпы санының 4,6 пайызын ғана құрайды", — дейді Ішпекбаев.

2016 жылы жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 525 адам сотталған. Олардың басым көпшілігі ішкі істер министрлігінде қызмет еткен — 309, қаржы министрлігінде — 58, қорғаныс министрлігінде — 30.

Жаңалықтар
0