Саясат

ҰҚК сыбайлас жемқорлық істерін тергеумен айналысатын болады

© SputnikПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық істерін тергеу құқығына ие болуы мүмкін

АСТАНА, 15 ақп — Sputnik. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңнамасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық істері ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарауына беріледі. 

ҚР бас прокурорының орынбасары Иоган Меркелдьің түсіндіруінше, түзету ҰҚК қызметінің ерекшелігімен шартталған.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арнайы мемлекеттік органдары, жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметкерлеріне қатысты жемқорлық туралы қылмыстық істерді тергеу құқығын беру ұсынылып отыр. Бұл түзету олардың қызметінің ерекшелігімен шартталуына байланысты деп болжаймыз, ол сондай-ақ бұл санаттағы істер бойынша жемқорлыққа қарсы ұлттық бюромен баламалы теңгерімді қамтамасыз етеді", — деді бас прокурордың орынбасары. 


Жаңалықтар
0