АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында жасқа толмаған сәби иіс тиіп шетінеп, уланып қалған анасы ауруханаға жатқызылды деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департмент Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат ауылында 6 сәуір күні қайғылы оқиға болды.
"Жеке үйде пешті жапқышпен жауып қою салдарынан, отбасының екі мүшесіне иіс тиген. Оқиға салдарынан 2016 жылы туған сәби шетінеп, 1997 жылы туған жас келіншек Астана ауруханасына жатқызылды", — деп мәлімет берді ведомство.
Құқық қорғау органдары сәбидің денесін мәйітханаға жіберіп, сараптама тағайындаған.