АСТАНА, 20 ақп – Sputnik. Алматы облысында бес жаннан тұратын отбасына иіс тиді, екеуі қаза ауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Дерек 19 ақпан күні Панфилов ауданы Нағарашы ауылында тіркелді, онда жер үйлердің бірінде 14 жастағы ұл бала мен 10 жастағы қыздың жансыз денелері табылған. Отағасы зайыбы және емізулі сәбиімен бірге Жаркент қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.
"Алдын ала болжам бойынша, адамдар пештің ауқаулығынан тұншықтырғыш газға уланған", — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев.
Жыл басынан бері өңірде тоғыз адам тұншықтырғыш газға қатты уланып жансақтау бөліміне түсті. Олардың үшеуі қаза тапты. Көбіне мұндай жағдай пештің ақаулығы немесе дұрыс пайдаланбаудан орын алады.