Өңірлер

Павлодар облысында заңсыз ойын бизнесі әшкереленді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуПокер
Покер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеу барысында, қылмыстық топта 11 адамның болғандығы анықталып, олардың 10-ы ұсталды

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Ұйымдасқан қылмыстық топ 2011 жылдан бері Павлодар мен Екібастұз қалаларында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан деп хабарлады Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің көлеңке экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма басшысы Азамат Бейсенбаев бүгінгі брифингте.

ойын автоматтары - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада жасырын казино ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді

"Көлеңке айналымда 2,6 миллиард теңге болғандығы анықталды. Заңсыз жолмен алынған, құны 1 миллиард 250 мың теңге тұратын мүлікке тыйым салынды", — деді Бейсенбаев.

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері айтып өткендей, істің қатысушылары заңсыз тапқан қаражатты шетелге шығарып отырған: Мәскеу мен Новосибирск қалаларында үйлер мен пәтерлер, сән салондарын, автокешендер сатып алыпты. Тыйым салынған мүліктің қайда берілетіні сот үкімі шыққаннан соң белгілі болады.

Жүз ойын атвоматынан бөлек, қылмыстық топтың Павлодарда үш казиносы болған. Тұрақты келушілер саны 600-ге жетеді, қылмыстық топтың күнделікті айналымында жеті миллионға жуық қаражат болыпты.

Тергеу барысында, қылмыстық топта 11 адамның болғандығы анықталып, олардың 10-ы ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар күдіктілердің бірі, Екібастұз тұрғыны қашып кетті, оған халықаралық іздеу жарияланған. Наурыз айында тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.

Жаңалықтар
0