Оқиға

Астанада жасырын казино ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді

© Photoойын автоматтары
ойын автоматтары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық топтың мүшелері 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды

АСТАНА, 6 ақп – Sputnik. Астанадағы қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді, деп хабарланады Бас прокуратураның ресми сайтында. 

"Астана қаласының аумағында Лабунец бастаған 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ интернет-кафеның атын жамылып, ақшаға құмар ойындарды (электрондық казино) 3 жыл бойы ұйымдастырып келген. Бұл әрекет үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен жауаптылық көзделген.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының соты қылмыскерлердің әрекетінен ұйымдасқан қылмыстық топ белгілерін анықтамағандықтан, аталған айыптау бөлігінде оларды ақтаған. Кінәлілерге заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 6 млн. теңгеден 10 млн. теңге көлемінде айыппұл салумен шектелген", — делінген хабарламада.

Бас прокуратураның келтірген наразылығы негізінде Жоғарғы Сот заңсыз сот үкімінің күшін жойды.

Хабарламаға сәйкес, істі жаңадан қарау барысында Лабунец пен оның 4 сыбайласы қылмыстық топ құрғаны және оны басқарғаны, сондай-ақ, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылған, себебі іс бойынша оның қатысушылары арасында интернет-казино ұйымдастыруға деген ортақ ниетінің, олардың өзара тығыз қарым-қатынаста болуының бұлтартпас дәлелдері анықтаған.

"Қылмыстық топтың басшысы Лабунец мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға, ал қалған топ мүшелерінің әрқайсысының мүліктері тәркіленіп, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", — деп түйді қадағалау ведомствосы. 


Жаңалықтар
0