Қоғам

Жүргізушілерге полиция əрекетін фото және бейнеге түсіруге рұқсат берілмек

© Sputnik / Александр Подгорчук / Медиабанкке өтуСуретке түсіру
Суретке түсіру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші куəлігін ауыстыру кезінде емтиханды қайта тапсыруды алып тастау көзделген

АСТАНА, 6 сəуір — Sputnik. Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысы туралы" Заңына өзгерістер енгізу туралы" депутаттық заң жобасымен құжат тексеру кезінде жүргізушілерге полиция қызметкерлерінің əрекеттерін фото және бейнеге түсіру құқығын бекіту көзделіп отыр.

Селфи - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында "сатып алынған жүргізуші куәлігі" туралы іс тергелуде

Мəжілістің заңнама жəне сот-құқықтық реформасы жөніндегі комитетінің мүшесі Қанат Мусиннің айтуынша, салыстырма кестесінде өзгерістер 55 позициядан тұрады. Өзгерістер мен толықтырулар Салық кодексі, Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске, жол қозғалысы туралы, автомобиль жолдары туралы, əскери полиция органдары туралы заңдарға енгізілмек. "Атап айтар болсақ, үкіметтен уәкілетті органдарға кейбір өкілдіктерді беруді көздейтін түзетулер енгізілді. Уəкілетті органның қауіпсіздік жəне жол қозғалысы саласындағы облыстық бөлімшелердің құқықтық мəртебесі бекітілді. Автомобиль жолдарын салуда, жоспарлауда қауіпсіздікке жəне автомобиль жолдарының қауіпсіздігіне талаптар күшейтіп, оларды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар белгіленді",- деді депутат.

Бағдаршам алдындағы стоп-жолақтан өтіп кетуге белгіленген айыппұл 5 АЕК-тен 3-ке дейін қысқарды. Жүргізу куəлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережесін білуге емтиханды қайта тапсыруды алып тастауды көздеп отыр.

Заң жүзінде көлікті тоқтатқаннан кейінгі полицейлердің міндеттері бекітілді. Оған сəйкес, полиция қызметкері көліктік тоқтатқаннан кейін бірден көлікке жақындап, өзін таныстыру тиіс. Сонымен қатар куəлігін көрсетіп, көлікті тоқтау себебін баяндауы тиіс.

"Бұл ретте құжат тексеру кезінде жүргізушілерге полиция қызметкерлерінің əрекеттерін фото және бейнеге түсіру құқығын бекітілді", — деп нақтылады Мусин.

Жаңалықтар
0