АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Алматы облысы ІІД "сатып алынған" жүргізуші куәлігіне қатысты сот алды тергеу ісін бастады деп хабарлайды облыстық прокуратура баспасөз қызметі.
Наурыз айының ортасында әлеуметтік желіде Айгерім Фазылова жүргізуші куәлігінің суретін жариялап, оны әкесінің сатып әпергенін жазған.
Кейіннен Фазылованың жол жүру ережесі туралы сынақ тапсырып жатқан сәті түсірілген бейнежазба жарыққа шықты.
Облыстық ІІД жеке қауіпсіздік бөлімі бұл жазбалар негізінде тексеру жүргізіп, нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 362-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот алды тергеу ісін бастады.