Оқиға

Полиция: "куәлік сатып алған" қыз автомектепте оқыған

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуКөлік мінген әйел
Көлік мінген әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицияда жас алматылық қыздың сатып алынған жүргізушілік куәлігі туралы мәлімдемесінен кейін тексеру жүргізді

АСТАНА, 13 нау – Sputnik. Полицияда Әйгерім Фазылованың "сатып алған куәлігіне" қатысты жағдайға пікір білдірді; ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянованың сөзіне қарағанда, аталған дерек бойынша тексеру басталған. 

20 жастағы алматылық Әйгерім Фазылова автодаудың ортасында қалды. Қыз әлеуметтік желіде жүргізуші куәлігінің суретін жариялап, "Маған куәлік сатып әперді. Урааа, әкетай сағат рақмет" деп жазған. 

Бұдан бөлек пікір білдірулерде пост авторы "Сатып алуға болатын кезде, тапсырудың қажеті не", деп қалжыңдаған.

 

"Желіде жүргізуші куәлігін "сатып алды" деген қыздың жариялаған ақпаратына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Алдын ала, қыздың жүргізушілерді дайындау жөнідегі оқу мекемесінде тиісті білім алғаны белгілі болды. Жүргізуші куәлігі оның тұрақты тіркелу орны бойынша Алматы облысы ІІД-де берілді", — деді Ирина Лукьянова. 


Жаңалықтар
0