Қоғам

Астана халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірі түн ортасына дейін жұмыс істеуі мүмкін

© Sputnik / Болат ШайхиновХҚКО
ХҚКО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абылайхан Оспанов тәжірибе ретінде елордалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің жұмыс мерзімін түн ортасына дейін ұзартуды ұсынды

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов тәжірибе ретінде елордалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің жұмысын түн ортасына дейін ұзартуды ұсынды.

Құжаттар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Азаматтарға арналған үкіметке біраз өзгерістер енгізілмек

Мемлекеттік копрпорация басшысының пікірінше, бұл мемлекеттік қызмет көрсетулерді алуды жеңілдетеді, әсіресе қызметтегі азаматтар жұмыстан сұранып әуре болмайды.

"Е-gov.kz электронды үкіметін пайдаланушыларға мұның онша қатысы жоқ, себебі қызметтердің көпшілігін онлайн алуға мүмкіндік бар. Дегенмен жұрттың басым бөлігі үшін бұл мәселе өзекті деп ойлаймын. Қызметтегі адамдар үшін елордалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің жұмыс уақытын түнгі сағат он екіге дейін ұзартпақ ойымыз бар. Адамдар жұмыстан кейін мемлекеттік қызметтерді ала алады. Бұл "Азаматтарға арналған үкімет" көрсететін қызметтерге ғана қатысты енгізіледі — құжат алу және тіркелу бойынша қызметтер әдеттегідей көрсетілетін болады", — деп түсіндірді Оспанов.

Бұл ұсынысты мемлекеттік корпорация басшысы өзінің Facebook парақшасында ашық түрде талқылауға шақырады. Егер тәжірибе сәтті түрде жүзеге асса, ұзартылған мерзіммен жұмыс істейтін ХҚКО-тары басқа қалаларда да ашылмақ.

Жаңалықтар
0