АСТАНА, 4 сәу — Sputnik. Қарағанды облысындағы түзде үсіп өлген от жағушының артында екі кішкентай баласы қалған. Оларға да Шаханда үйлердің бірінде болған жарылыстан зардап шеккендерге секілді материалдық көмек ретінде 1 миллион теңге көлемінде ақша береді.
Кент тұрғындары от жағушы Мейрамбек Жиембаевты кінәлі деп санайды. Сондықтан зардап шеккен шахандықтарға көмек көрсету қоры қаза тапқанның отбасына толық көлемде матариалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдаған.
"Қамқоршылық кеңесінің шешіміне сәйкес, біз Жиембаевтың отбасына 1 миллион теңге бөліп жатырмыз. Жұмысшының артында екі кішкентай қызы қалған. Біз сондай-ақ, жерлеу рәсімі мен ас беру шығынын көтереміз. Отбасына пәтер беру мәселесі шешіліп жатыр", — деді қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жамала Мамерханова.