Экономика

Air Astana Жапония мен АҚШ-қа ұшатын болады

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"A320NEO Эйр Астана
A320NEO Эйр Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің сөзіне жүгінсек, қазақстандық әуежайлардан аттанатын рейстердің ауқымын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. 2019 жылы Air Astana Астанадан Сингапурға ұшатын рейстерді ашуды жоспарлап отыр, ал 2020 жылы — Шанхай мен Нью-Йоркке деп хабарлады Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында.

Эйр Астана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Эйр Астана" Алматы-Душанбе рейсінің кешіктірілуіне қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ, әуе компаниясы кейбір халықаралық бағдарлар бойынша рейстерді жиілетпек.

Министрдің сөзіне жүгінсек, қазақстандық әуежайлардан аттанатын рейстердің ауқымын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, өткен жылы жеті халықаралық әуе рейсі ашылды — Астанадан Амстердамға, Алматыдан Сиань, Шарм-Эль-Шейхтен және Тегеранға, Ақтаудан Батуми мен Сочиге, Шымкенттен Стамбулға. Қазақстан мен Еуропа елдерінің арасындағы әуе тасымалдауларына деген сұраныстың артуына байланысты, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өткізілуін ескере отырып, жақын арада шетелдік тасымалдаушылар Еуропаға апаратын жаңа бағыттарды ашу жоспарланып отыр.

"Дәлірек айтқанда, поляк әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airline 8 мамырдан бастап Астанадан Варшаваға аттанатын рейсті іске қосады, ол аптасына төрт рет жіберілетін болады. Ірі лоукост-тасымалдаушы Wizz Air 1 маусымнан бастап Астанадан Будапештке аттанатын рейсті іске қоспақ. 19 маусымнан бастап FinnAir әуекомпаниясы Астанадан Хельсинкиге аптасына екі рет рейстер ұшыратын болады", — деп атап өтті Қасымбек.

Сонымен бірге, қытай авиациялық билік өкілдерімен келісімге сәйкес, маусымнан бастап аптасына үш рет Астана-Бейжің бағдары бойынша Air China ұшақтары қатынайтын болады. Қазақстандық әуе компаниялары да рейстердің ауқымын кеңейтуде. 2017 жылғы маусымнан бастап Air Astana компаниясы Астанадан Улан-Баторға, "SCAT" әуекомпаниясы Астанадан Ереванға рейстер ашады.

Жаңалықтар
0