АСТАНА, 24 нау — Sputnik. Қырыққа жуық адам "Эйр Астаны" рейсімен Алматыдан Душанбеге ұшуды күтіп отырды.
Көп сағатқа созылған кешіктірілу себебін түсіндіріп, Sputnik Қазақстан "Эйр Астана" әуекомпаниясының өкілдері пікір білдірді.
"Техникалық себептерге бойынша борттың ауысуына байланысты КС 131 Алматы — Душанбе рейсінің ұшуы бүгін 16.25-ке жоспарланған", — деп хабарлады әуе компанияда.
Борт Алматыдан Душанбеге жергілікті уақытпен 11.05-те ұшуы тиіс болатын. Жолаушыларға сусындар тарқатып, ыстық тамақ берілді.
Осы аптада бұл "Эйр Астана" ұшақтарымен болып жатқан екінші оқиға.Сәрсенбі күні, 22 наурызда Алматыдан Бішкекке ұшқан ұшаққа кері оралуға тура келіп, ол Алматы әуе жайына штаттық тәртіпте қонды.