АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. "Эйр Астана" әуе компаниясының жолаушылары Алматыдан Душанбеге ұша алмай отырғандарына бірнеше сағат болды.
Жолаушылардың айтуынша, ұшақ КС131 рейсін жергілікті уақыт бойынша 11:05-те аттандыруы тиіс еді.
Бастапқы берілген мәлімет бойынша, рейс төрт сағатқа кешіктірілген. Куәгерлер мұның себебін ұшақта ақау бар деп түсіндіреді.
"Бұл рейсті екі рет кейінге қалдырды. Енді 16:30-да ұшуы керек деп отырмыз. Компания қызметкері ұшақтың сынып қалғанын айтты. Енді Орал әуе жолдарының ұшағын күтіп отырмыз. Мұнда барлығы қырыққа жуық адам бар", — дейді жолаушылардың бірі.
Әуе компанияның өкілдері жолаушылардан кешірім сұрап, салқын сусындар таратты.