АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы сәрсенбі күні Алматыдан Бішкекке аттанып, техникалық себептерге байланысты қайта оралды деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Әуе тасымалдаушысының мәліметіне сүйенсек, КС 109 Алматыға қонған. Жолаушылар сапарын басқа ұшаққа мініп жалғастырады.
"Рейстің ұшырылуы жергілікті уақыт бойынша 20:30-ға жоспарланған. "Эйр Астана" туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", — делінген хабарламада.
Басқа мәлімет берілген жоқ.
Бұл наурыз айының басынан бері "Эйр Астана" ұшақтарымен болған төртінші жайт. Бұдан бұрын да үш жағдай техникалық себептерге байланысты болған.