Әлем

Тараздан шыққан ұшақ Худжандқа апаттық жағдайда қонды

Жазылу
Жерге қонбас бұрын ұшақ екі сағат бойы қала үстінде ұшып жүрді

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Tajik Air әуе компаниясының ұшағы Тараздан шығып, Мәскеуге бет алған еді, алайда біраз уақыттан соң бағытын күрт өзгертіп, Худжанд қаласының көгінде екі сағат бойы қалықтап жүрді деп хабарлайды "Радио Озоди" сайты.

Эйр Астана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бір қозғалтқышы сөндірулі "Эйр Астана" ұшағы Алматы әуежайына қонды

Лайнер техникалық ақаулардың салдарынан Худжанд халықаралық әуежайына апаттық жағдайда қонған. Әуежай өкілдерінің сөзіне сүйенсек, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсы зардап шекпеген.

Пилоттар нұсқаулыққа сәйкес екі сағат бойы аспанда қалықтап жүрді, яғни апат болған жағдайда жарылып кетпес үшін жанармайды жағып жіберу керек болған. 

Әуе айлағы қызметкерінің айтуынша, ұшып шыққан соң экипаж техникалық ақауды бірден анықтап, Худжандқа қайтуға шешім қабылдаған. 

Лайнердің апаттық жағдайда қону себептері 10 наурыз күні хабарланатын болады.

Жаңалықтар
0