Оқиға

Бір қозғалтқышы сөндірулі "Эйр Астана" ұшағы Алматы әуежайына қонды

© Sputnik / Анатолий Устиненко"Эйр Астана"
Эйр Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бортында 77 адам бар "Эйр Астана" ұшағы Алматы әуежайына бір қозғалтқышы сөндірулі күйінде қойды

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Астана-Алматы рейсіндегі "Эйр Астана" ұшағы Алматы әуежайына бір қозғалтқышы сөндірулі күйінде қонды деп хабарлады әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметі.

"2017 жылы 7 наурызда Астана-Алматы бағыты бойынша КС 672 рейсін атқарған "Боинг-757" ұшағы техникалық себептерге байланысты сол жақ қозғалтқышы өшірілгеннен соң штаттық режимде қонды", — делінген ресми хабарламада.

Бортта 69 адам мен сегіз экипаж мүшесі болған. Ешкім зардап шеккен жоқ деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0