Экономика

БТА банктің бұрынғы топ-менеджері: Әблязов қоластындағыларды пайдаланған

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаЖақсылық Жарымбетов
Жақсылық Жарымбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұхтар Әблязовтің ісі жөнінде басты сот талқылауы жалғасуда

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің ісі жөнінде басты сот талқылауы жалғасуда деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Мұхтар Әблязов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Прокуратура: Әблязов пен сыбайластары сотқа берілді

Мұхтар Әблязов өз сотына қатыспады. Сотталушылар қатарында БТА Банктің бұрынғы топ-менеджменті бар: БТА Банктің төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов, несиелеу бойынша бұрынғы директор Қайрат Садықов және басқарманың бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мәмеш. Олардың бәрі аса ірі көлемде қаражат қымқырғаны үшін айыпталып отыр.

"Әблязовтің банкке қалай кіріп, адамдардың арасына қалай от жаққанын, кейбіреулерді қорқытқанын өз көзіммен көрдім. Банкте жұмыс істеген кезінде мақсатына жету үшін барған іс-әрекеттері өзгерген емес. Бар мақсатына осындай жолмен жететін. Банк басшылығына келгелі бері, барлық басқарманы қолға алып, адамдарды бір шыбықпен айдай бастады", — деді Жақсылық Жарымбетов.

"Оның мақсаты банкті өркендетіп, ТМД елдеріндегі ірі мекеме ету емес, банк иесі, нарық қатысушысы, саяси қайраткер ретінде өзінің күшін арттыру, банкті мықты ету болатын. Бар мақсаты сол еді. Сол үшін тиісті активтер керек болды, бұл активтерді әр түрлі елдерге салған. Осы мақсатына жету үшін ештеңеден тайсалмады. Қоластындағылардың бәрін пайдаланған. Оның ішінде мені де, Сәдуақас пен Қайратты да", — деді бұрынғы топ-менеджер.

Жаңалықтар
0