АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әблязов мен оның сыбайластарына қатысты іс сотқа берілді деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.
Хабарламада айтылғандай, 2017 жылы 3 наурызда Алматы прокуратурасы БТА Банктың бұрынғы топ-менеджменті Әблязов (директорлар кеңесінің төрағасы), Жармыбетов Ж. (басқарма төрағасының бірінші орынбасары – несие комитетінің төрағасы), Садықов К. (несиелеу бойынша директор) және Мәмеш С. (басқарма төрағасы) қатысты қылмыстық істі зерттеу нәтижесі бойынша айыптау актілерін бекіту туралы шешім қабылдады.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 304-бабындағы талаптарға сәйкес айыптау актілері қылмыстық процестің барлық қатысушыларына, оның ішінде айыпталушы Әблязов М. қорғаушысына қолхатпен берілді. Әблязовтың өзі Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерде және келуден бас тартты, сол себепті прокуратура оған қатысты қылмыстық істің сотқа берілгендігі туралы хабарламаны жариялап отыр", — делінген ведомство сайтында жарияланған хабарламада.