АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Санкт-Петербург метросында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
Бұдан бұрын Жайнақов Астана уақыты бойынша 05:30-дағы жағдайға сәйкес жарылыс құрбандарының арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін мәлімдеген болатын.
"Кім екені анықталған мәйіттердің арасынан Қазақстан азаматтарының денесі табылмады. Ал зардап шегушілердің арасында қазақстандықтар бар деген дәйекті ақпарат әлі шыққан жоқ", — деді Әнуар Жайнақов дүйсенбі күні тілшілерге.