АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты қандайда бір пікір білдіруден бас тартты деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Бұдан бұрын ресейлік БАҚ хабарлағандай, ғаламторда жанкешті лаңкес болуы мүмкін Қырғызстан тумасының суреттері жарияланған еді. Кейбір қазақстандық БАҚ өкілдері Қазақстан Республикасы азаматының терактіге қатысы бар болуы мүмкін екенін жазған болатын. ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов лаңкестің қазақстандық болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.
Сейсенбі күні белгілі болғандай, жарылыс орнынан Орта Азиядан шыққан азаматтың денесі табылған.
Дүйсенбі күні Мәскеу уақыты бойынша 14:30-да Санкт-Петербург метросында жарылыс болды. "Площадь Восстания" станциясында қолдан жасалған жарылғыш зат дер кезінде табылғандықтан, жарылыстың алдын алуға мүмкіндік туды.
Теракт нәтижесінде 11 адам қаза тапты. Әр түрлі дереккөздерге сүйенсек, зардап шеккендер саны 45 пен 51 адам арасында.