АСТАНА, 3 сәу – Sputnik. Алдын ала болжам бойынша Санкт-Петербург метросында жарылыс "Сенная площадь" пен "Технологический институт" станцияларында болды, деп хабарлайды РИА Новости жедел қызметтердегі дереккөзіне сілтеме жасай отырып.
"Алдын ала ақпарат бойынша "Сенная площадь" пен "Технологический институт" станцияларында екі жарылыс болды", — деді агенттікпен әңгімелесуші. Оның атап өтуінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
Бұдан бұрын Санкт-Петербург метросының көк тармағында жарылыс болды деп хабарланған. Алдын ала болжам бойынша, вагонда анықталмаған зат жарылған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар бар. Жолаушылар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.