Оқиға

Ақмола облысында тағы екі адам үсіп өлді

© Sputnik / Ирина СемибратоваСкорая помощь. Архивное фото
Скорая помощь. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот-медициналық сараптама екі адамның үсіктен қайтыс болғанын көрсетті

АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында үсіп өлген екі адамның денесі табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне құқық қорғау органдарынан. 

Астрахан ауданында егде әйел мен Шортанды ауданында ер адам үсіп кеткен. 

Тұман - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында ерлі-зайыптылар жолда үсіп өлген

"Астрахан ауданында 1947 жылы туған әйел фельдшерлік-акушерлік пункттің маңында, ал Шортанды ауданында 1976 жылы туған ер адам өлі күйінде өз үйінің ауласында табылды", — деп хабарлады құқық қорғау органының өкілі. 

Табылған мәйіттерде күш қолдану белгілері жоқ. Сот-медициналық  сараптама адамдардың үсіктен қайтыс болғанын көрсетіп отыр. 

Өткен демалыс күндері Ақмола облысында түнде ауа температурасы 10-15 градус аяз болды. 

Айта кетсек, 31 наурызда осы облыста жолда үсіп өлген ерлі-зайыптылардың мүрдесі табылған болатын. 


Жаңалықтар
0