Оқиға

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар жолда үсіп өлген

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция атап өткендей, табылған мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері болмаған

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Ақмола облысында ерлі-зайыптылар автожолда үсіп өлген, тексеру жүргізіліп жатыр деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысының тас жолында 15 көліктің қатысуымен жол апаты болды

Ведомство мәліметінше, жұма күні 31 наурызда Атбасар АІІБ-на кезекші өрт сөндіру бөлімінен хабарлама келіп түскен. Пригородное аулына жақын маңдағы автожолда көлік табылыпты, оның ішінде ер адам мен әйел адамның жансыз денелері жатқан. 

Кейінірек анықталғандай, көліктің ішінде 1966 жылы туған ер адам мен оның 1968 жылы туған әйелі болыпты. Бастапқы қорытынды бойынша, ерлі-зайыптылар үсіктен қайтыс болған. 

Полиция атап өткендей, табылған мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.  

Жаңалықтар
0