Оқиға

Ақмола облысының тас жолында 15 көліктің қатысуымен жол апаты болды

© Photo : очевидцыжол апаты
жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аршалы ауылынан 10 шақырым жерде 15 автокөлік бір біріне соқтығысты

АСТАНА, 30 нау — Sputnik. Ақмола облысында 15 көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

 WhatsApp желісінде ақмолалық әуесқой автомобильшілер тобына бейтаныс пайдаланушы апат орнынан сурет жіберген. 

Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, жол апаты шамамен 18.00-де болған. 

"КамАЗ Астанадан Қарағандыға бара жатқан. Елордадан 40 шақырым жерде, Аршалы ауылына 10 шақырым жетпе КамАЗ бірден бұрылған. Нәтижесінде оған екі автокөлік соқтығысты. Жол апатына қатысушы көліктің жалпы саны — 15", — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінде. 

Жүк көлігі жүргізушісінің сөзіне қарағанда, еш нәрсе көрінбейтін тас жолда оның жолына көлік шыққан. Қаза тапқандар жоқ.  Зардап шеккендер саны анықталып жатыр. 

Оқиға орнына тергеу-жедел тобы кеткен. Полицейлердің сөзіне қарағанда, адамдарды елорда мен Аршалы ауылына жедел жеткізбек. 


Жаңалықтар
0