АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Британ бокшсысы Билли Джо Сондерс BBC Radio 2 радиосына берген сұхбатында мәлімдегендей, қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегі Лондонда өтуі мүмкін.
Сондерстің сұхбатында айтылған мәліметке сүйенсек, Головкинге қарсы жекпе-жек Лондон қаласында "О2 Аренасында" 24 маусым күні өтуі мүмкін.
Қазіргі уақытта Головкин мен Сондерс промоутерлері Том Леффлер мен Фрэнк Уоррен келіссөз жүргізуді жалғастыруда. Жекпе-жек келісімшартына келесі аптада қол қойылуы тиіс. Бірақ Сондерс Головкинмен Астанада да жұдырықтасуға дайын екендігін мәлімдеді.