АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Дүниежүзілік бокс ұйымының чемпиондық белдігінің иегері Билли Джо Сондерс осы титулға үміткер қазақстандық Геннадий Головкинді ашық түрде жекпе-жекке шақырды.
"Оған айтарым мынау: "Барлық белдіктерді алғың келетінін айта берсең, өзің біл. Бірақ, не іске көшіп, не үніңді өшіретін кез келді. Не маусымда менімен жекпе-жекке шығасың, не шықпайсың. Атымды аузыңа алған екенсің, жекпе-жекке шығуға келісіп, саған жақсылық істеп отырмын. Уақытты құр жібермей, бастайық", — депті Сондерс espn.com сайтында.
Британдық бұл жекпе-жекте өзінің басым екендігіне сенімді, ол Головкинді қартайып келеді әрі "көптің бірі" деп санайды.
Бұл екі боксшының арасындағы жекпе-жек осы жазда "ЭКСПО-2017" аясында Астанада өткізіледі деп жоспарланған.