Қоғам

Көкшетауда дәрігерлер салмағы 700 грамм сәбиге ота жасап, өмірін сақтап қалды

© Sputnik / Вера Костамо / Медиабанкке өтуАрхивное фото младенца в неонатальном отделении
Архивное фото младенца в неонатальном отделении - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күрделі операцияны Астанадан арнайы шақырылған дәрігерлер жасаған

АСТАНА, 31 нау — Sputnik. Көкшетау перзентханасында дәрігерлер бір ай бұрын жаңа туған нәрестенің жүрегінен өте күрделі операция жасады. Қазір сәбидің салмағы 1300 келі шамасында. 

Сәби - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жаңа жылдың бірінші күні Астана вокзалында сәби дүниеге келді

Нәресте 30 қаңтарда бар болғаны 700 грамм салмақпен туған. Дәрігерлер жаңа туған сәбидің жүрегінде ашық артериалдық түтікше бар екенін анықтайды. 

"Ашық артериалдық түтікше ұрықтың эмбрионалдық қан айналымын қамтамасыз етеді. Бала туғаннан кейін ол екі тәулік ішінде өзі жабылады. Егер сәби күні жетпей туса, ашық артериалдық түтікшені жабу үшін операция жасау қажет", — деді Ақмола облысының бас штаттыс тыс неонатологы Наталья Чжен. 

Ақмола облыстық перинаталдық орталығында мұндай ота алғаш рет жасалыпты, сондықтан Көкшетауға астаналық кардиохирургиялық орталықтың дәрігерлері —  кардиохирург Бақытжан Нұркеев пен анестезиолог Әсел Қабақанова шақырылған. 

Нәрестенің жүрегіне операция 25 ақпан күні жасалған, бірақ журналистерге тек қазір хабарлап отыр. Өйткені дәрігерлер кішкентай қыздың өміріне еш қауіп жоқ екеніне сенімді. Наталья Чжен сендіргендей, ота сәтті өткен, дәрігерлер  сәбиді ары қарай емдей береді. 

Жаңалықтар
0